Әскерде зорлық көргенін айтып, ақша сұраған жігіттің өтірігі анықталды
1212
Тhreads-та жалған оқиға жариялаған жігітке қылмыстық іс қозғалды
Астанада жас жігіт Тhreads әлеуметтік желісінде өзінің әскери қызмет кезінде зорлық көргенін айтып, жан-жақты эмоционалды пост жариялаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол өз жағдайын сипаттап, тұрақты қорқыныш сезімін, психологиялық күйзелісін айтып, Қазақстаннан қашып кетуге ақша сұраған.
Пост тез таралып, желі қолданушылары оның оқиғасына жанашырлық білдірді. Кейбір қолданушылар жігітке қаржылай қолдау көрсетіп, аударым жасаған. Нәтижесінде жас жігітке жүзден астам адам ақша аударғаны белгілі болды.
Алайда кейінгі тексеру барысында бұл оқиға жалған болып шықты. Жас жігіттің шындыққа жанаспайтын әңгіме жасап, адамдардан ақша талап еткені анықталды. Қазір оған жалған ақпарат тарату және алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Полиция қызметкерлері азаматтарға әлеуметтік желідегі мұндай өтініштерге абай болуға шақырып, кез келген қаржылай қолдауды тексермей жасауға болмайтынын ескертті.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
16:00
«Үйінен қашып кеттім»: Абай Бегейдің қызы қалай...
05.10.2026
15:56
Қылмыс кеміген, қайтқан қаржы көбейген: Сәденов...
05.10.2026
15:24
Президент қолынан марапат алған педагогтардың т...
05.10.2026
15:12
Президент: Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік...
05.10.2026
15:00
Тоқаев жастарды ақпарат тасқынынан қорғайтын жа...
05.10.2026
14:51
Тоқаев мұғалімдікке бет бұрған жастардың көбейг...