Астана маңындағы ауылда 14 жастағы қызды кім және не үшін пышақтап өлтірді?
Астанаға жақын орналасқан Ынтымақ ауылы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы) 14 жастағы мектеп оқушысының қатыгездікпен өлтірілуі туралы суыт хабардан дүр сілкінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қансыраған Лера дүкенге жүгіріп кіріп сол жерде құлап түседі. Полиция күдіктіні бір тәуліктің ішінде ұстады. Қанды қылмысқа не түрткі болды? Бала кімге және қалай кедергі келтіруі мүмкін еді?
Соңғы сөзі: «Қазір келем»
Лера — жалғызбасты ана Валентинаның жалғыз қызы. Әйел қызға қажеттінің бәрін қамтамасыз етіп отырған. Анасы мектеп асханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Қайғылы жаңдай болған күні жұмысқа кеткен Валентина қызымен күні бойы хабарласып отырған.
Үйге оралған сәтте Лера танысына баруға сұранған. Қызы анасының шаршағанын байқап, оны мазаламау үшін есікті сыртынан жапсам ба деп те ұсыныс айтқан.
Қанды іздер мен күдікті
Куәгерлердің сөзінше, қан іздері дүкеннің кіреберісінен-ақ басталған. Қызды күдікті сол маңда қуып жеткен болуы мүмкін. Полиция мән-жайды толық ашпаған.
Ауыл тұрғындары күдіктіні соңғы күндері үй маңында көргенін айтқан. Тіпті ол Лераның терезелерін де аңдып жүргенін байқаған.
Полиция күдіктіні Родина ауылы маңындағы алқаптан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Күдікті Владимир кім?
Владимир — отбасының бірнеше жылдан бергі танысы. Анасы қайтыс болғаннан кейін Валентина оны жиі қолдап, көмек көрсетіп жүрген. Ол үй жөндеуге, тасымалдауға көмектескен, тіпті анасы оған Лераны әртүрлі жерге апаруға сенімхат та берген.
Лера — мейірімді, жануарларды жақсы көретін, ветеринар болуды армандаған өте ақкөңіл қыз. Отбасында бірнеше ит пен сегіз мысық асырап жүрген.
Бұрынғы жанжал және қауіпті байланыстың іздері
Валентина бір кездері Владимирдің Лераға түсініксіз қысым көрсеткенін еске алады. Тіпті қыз оған қатысты арыз жазудан қорыққан. Анасы сол кезде оны отбасынан алыстатып, араласуды тоқтатқан.
Қазаға дейін үш күн бұрын Лера анасына: «Ол маған қазір қоңырау шалды», — деп хабарлаған. Владимир баспалдақты алу үшін үйге келгісі келгені айтылған.
Анасы олардың арасында байланыс болғанын да жоққа шығармайды. Мүмкін, бастапқыда араласу болған, кейін Лера қарым-қатынасты үзгісі келген. Бұл — кек алудың себебі болуы мүмкін.
Анасының азабы
Қазір Валентина әлеуметтік желілердегі жалған айыптаулардан жанын қоярға жер таппай жүр: біреулер отбасы жөнінде өсек таратса, енді бірі оны Владимирмен қарым-қатынаста болған деп кінәлайды.
Алайда ол өзін кінәлі сезінеді:
«Қызымды қорғай алмадым. Полицияға арыз жазудан, халықтың сөзінен қорықтым. Енді онсыз қалай өмір сүрерімді білмеймін. Менің жалғыз балам еді…»
Соңғы жаңалықтар