Астана мен СҚО да адам саудасымен айналысқандар күніне миллиондап ақша тапқан

Астана мен СҚО да адам саудасымен айналысқандар күніне миллиондап ақша тапқан
28.07.2025 12:33
0
158
Фото: freepik.com

Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысында ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қылмыскерлер интернет-ресурстарды жүйелі түрде пайдалана отырып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізіп отырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған пайда тапқан. Алдын ала деректер бойынша қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады. «Бұл — қылмыстық желінің ауқымын және ұйымдасқан деңгейін көрсетеді. Жүргізілген тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,  - деп хабарлады IIM. 

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. 

 

 

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий