Астана – Петропавл тасжолында көлік өртенді: қаза тапқандар бар

15.07.2026 09:04 Әсел МҰРАТ
Астана – Петропавл тасжолында көлік өртенді: қаза тапқандар бар
183
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген видео тарады. Онда көліктің толығымен отқа оранғанын көруге болады. Желі қолданушылары апат салдарынан қаза тапқандар бар болуы мүмкін екенін жазған. Оның ішінде бір баланың көз жұмғаны айтылған, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді. Полиция жантүршігерлік жол апатынан үш адамның көз жұмғанын растады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция Бұланды ауданындағы Жаңаталап ауылы тұсындағы Астана - Петропавл тасжолында автокөліктің өртенуіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы болған жерде полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың кім екені анықталуда.Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері.

Полиция қазақстандықтарды тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуға, тергеудің ресми нәтижелерін күтуге шақырды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімі шамамен 30 шақырым қашықтықта болған. Құтқарушылар жеткенше жалын көлікті түгел шарпып үлгерген.

Войдите, чтобы оставить комментарий