«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары Дариға Бадықоваға өлең арнады

«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары Дариға Бадықоваға өлең арнады
Фото: видеодан скриншот

Жақында ғана шаңырақ көтерген актер Олжас Абай жары, танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықоваға арнап жүрекжарды өлең жолдарын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі желідегі жазбасы арқылы жұбайына деген ыстық сезімін білдірген:

«Күліп жүрші,

Саған жарасады.

Сен күлсең, біразы адасады.

Күліп жүрші,

Еңсеңді тік көтеріп

Күлімдесең, Құдай да қарасады...» — деп жазды ол.

Актердің бұл жазбасы желі қолданушыларының назарын аударып, оқырмандар продюсер Дариға Бадықованың бақыттан басы айналып жүргенін айтып, қос өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу