Астанада 14 жастағы қызды зорлау ісі бойынша үкім шықты

09.07.2026 15:55 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Астанада 14 жастағы қызды зорлау ісі бойынша үкім шықты
304
Фото: depositphotos.com

Астанада 14 жастағы оқушы қызды зорлау ісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы NeMolchiKZ қоры хабарлады, деп жазады Politico.kz.

NeMolchiKZ қорының хабарлауынша, судья Сейфулла Тасымбетов топтық зорлауды өзара келісіммен болған жыныстық қатынас деп таныған. Осы шешім негізінде колледждің 2 студенті Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша "кәмелетке толмаған адаммен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені" үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осы баппен тағы 1 студентке 8 жыл жаза тағайындалды. Ал қылмыс туралы тиісті органдарға хабарламаған тағы 1 студент 434-бапқа сәйкес 2 жыл 8 айға сотталды.

Қор өкілдерінің сөзіне қарағанда, Астана прокуратурасы сотқа дейін істі "зорлау" бабынан "өз еркімен жыныстық қатынасқа түсу" бабына ауыстырған. Жәбірленушінің ата-анасына бұл өзгеріс туралы ескертілмеген. Сондай-ақ барлық күдіктінің жауабында анық көрсетілгеніне қарамастан, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған бір адам жауапкершіліктен толық босатылған.

NeMolchiKZ қоры қыздың қорқытуға ұшырағанына, дәрменсіз күйі мен алған дене жарақаттарына қарамастан, оқиғаны 4 ересек жігітпен өз еркімен болған байланыс ретінде бағалау Қазақстан тарихында бұрын болмаған жағдай екенін атап өтті. NeMolchiKZ бұл іс бойынша апелляциялық, кассациялық шағым түсіріп, Жоғарғы сотқа, сондай-ақ БҰҰ мен Human Rights Watch сияқты халықаралық ұйымдарға жүгінетінін мәлімдеді.

"Олар оны қылғындырды, өйткені бұл оған ұнады", – деген Астана қаласының прокуроры Олжас Хайруллаев NeMolchiKZ қорының мәлімдеуінше.

Войдите, чтобы оставить комментарий