Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлады

11.08.2026 13:38 Әсел МҰРАТ
Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлады
75
Фото: sportmir.kz

Астанада жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 10 тамызда жаттығу кезінде Астанадағы футбол алаңында болған. Еліміздің футбол федерациясы болған жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді.

Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Федерация медициналық мекемемен байланыста және баланың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ федерация балаға және оның отбасына қолдау көрсетілетінін хабарлады.

«Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген», - делінген федерация хабарламасында.

Қазіргі уақытта федерация оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. 

Федерация құзырлы органдарға оқиға себептерін анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий