Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны аяусыз соққыға жықты
514
Астанада бір топ жасөспірім бес мектеп оқушысын аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды.
Желіде тараған ақпарат бойынша жанжал 10 және 11 маусым күндері елорда аудандарының бірінде болған.
Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары балаларын қатарластары соққыға жыққанын айтып шағымданған.
Сондай-ақ желіде жасөспірімдердің бірін ұрып жатқан сәт түсірілген видео тарады.
Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Жанжалға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру барысында оқиғаға қатысушылардың бір-бірін бұрыннан танитыны анықталды», — деп хабарлады ведомство.
Қазір полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады
20.09.2026
16:28
Жаңа оқу жылы басталғалы 69 оқушы есірткі қылмы...
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...