Астанада бомба туралы әзілдеген шетелдік жолаушы рейстен түсірілді

Астанада бомба туралы әзілдеген шетелдік жолаушы рейстен түсірілді
Фото: gov.kz

Астана әуежайында жарылғыш зат туралы орынсыз әзілдеген шетелдік азамат ұшаққа жіберілмеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзі авиациялық қауіпсіздік қызметі мен көлік полициясының назарын аударды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшу алдындағы тексеру кезінде жолаушылардың бірі өзінде жарылғыш құрылғы бар екенін айтып, әзілдеген. Алайда әуежай қызметкерлері мұндай мәлімдемеге жеңіл қарамай, қауіпсіздік талаптарына сай тиісті шаралар қабылдаған.

Оқиғадан кейін тексеру ұйымдастырылып, шетелдік жолаушы рейстен түсірілді. Ал болған жағдайға қатысты материалдар әрі қарай қарау үшін құзырлы органдарға жолданды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу