Астанада Джей Лоның концертінде жанжал шығарған әйел сотталуы мүмкін

Астанада Джей Лоның концертінде жанжал шығарған әйел сотталуы мүмкін
04.08.2025 17:23
0
84
Фото: freepik.com

Астанада Джей Лоның концертінде жанжал шығарған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

“Тіл кеспек жоқ” телеграм арнасының мәліметінше, 1 тамыз күні өткен Дженнифер Лопестің концертінен кейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері шу шығарған әйелді залдан көтеріп алып шығып жатқан сәт түсірілген видео тарады.

Астана қалалық полициясы бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

Полиция өкілдері оның құқық қорғау органдарына қатысы іс-әрекетіне берілетін құқықтық бағаға әсер етпейтінін, керісінше жоғары жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Қоғамда барлық азамат заң алдында тең, ал қызметкердің туысы болу артықшылық бермейді, — дейді.

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі мәліметке сүйенсек, әйел адам Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Думан Қожахметовтің жұбайы болуы мүмкін.

Айта кетейік, 1 тамыз Джей Ло Астанада өнер көрсетті, ал 10 тамыз Алматыда концерті өтеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий