Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына қатысты ақпарат шықты

22.12.2025 18:49 Берік Арманов Берік Арманов
Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына қатысты ақпарат шықты
0
101
Фото: видеодан скрин

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек маусым айының басында Астанада болған автобус апатының салдарынан екі аяғына ампутация жасалған 8 жасар Алуа Бекеннің отбасына уәде етілген баспана берілгенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әкім Алуаның отбасымен жеке өзі кездескенін атап өтті. Оның сөзінше, әкімдік медициналық көмек көрсеткен.

Қала әкімінің мәліметінше, №1 автобус паркі жәбірленушінің отбасына шамамен 20 млн теңге төлеген. Сондай-ақ қаладағы демеушілер де қосымша қаражат берген.

Уәде берілген пәтер де берілді. Қазір пәтерде жөндеу жұмыстары басталды. Әкімдік қазір Алуа қызымыз отбасымен бірге тұрып жатқан үйді жалдау ақысын төлеп беріп отыр. Бала қазір мектепке барып жүр. Білім ордасы да бәрін түсініп, тиісті көмек көрсетуде, - деді әкім брифингте.

Еске салайық, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий