Астанада элиталық тұрғын үй кешенінің подъезін мұз басты (ВИДЕО)

28.01.2026 09:27 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Астанада элиталық тұрғын үй кешенінің подъезін мұз басты (ВИДЕО)
297
Фото: видеодан скрин

Астананың сол жағалауында элиталық тұрғын үй кешенінің подъезін мұз басты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде мұз қатқан подъездегі баспалдақтардың видеосы тарады.

Жазба авторының айтуынша, видео «Водно-Зеленый бульвар» тұрғын үй кешенінде түсірілген. 

Кадрлардан баспалдақтар, подъезд қабырғалары мен кіреберісінде мұз қатып қалғанын көруге болады. 

«Сұмдық. Астана қаласындағы еліміздің бас партиясы отыратын офистің Водно-Зеленый бульвар, тұрғын үй кешенінің баспалдақтарына мұз басып кетті», – делінген жазбада. 

«Астана-Теплотранзит» кәсіпорны бұл тұрғын үй кешеніне жылу қалыпты режимде беріліп жатқанын, жылу жеткізуде ешқандай шектеулер тіркелмегенін хабарлады.

Компанияның мәліметінше, 24 қаңтарда Қонаев көшесіндегі үйдің төртінші подъезінің 12-қабатындағы баспалдақ алаңында жылыту жүйесінің радиаторынан ақау анықталған.

«Ақауға байланысты радиаторлар ауыстырылғанға дейін баспалдақ алаңының жылуы уақытша өшірілді», – делінген компания хабарламасында.

Компания ақауға жылыту жүйесінің қатып қалуы себеп болғанын атап өтті. Бұл баспалдақ алаңының есіктері ұзақ уақыт бойы 8-қабаттан 14-қабатқа дейін ашық тұрғандықтан осындай жағдай орын алған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий