Астанада ер адам Президенттік саябақта қырғауылдарды бөлшектеген

03.11.2025 12:37 Арман Ермеков
Астанада ер адам Президенттік саябақта қырғауылдарды бөлшектеген
0
166

Елордадағы Президенттік саябақта ер адамның балалар алаңының дәл іргесінде қырғауылдарды бөлшектеп жатқанын куәгерлер байқап қалды. Бұл оқиға жайлы Астана тұрғыны Баян Асхатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады POLITICO.KZ SHYNDYK.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл жантүршігерлік көрініс күндіз, баланың және басқа да саябаққа келушілердің көз алдында болған. Баян Асхатқызының жазуынша, осы оқиғадан бір күн бұрын ол балаларымен бірге дәл сол жерде тірі қырғауылдарды көрген. Бұл құстар Президенттік саябақтың аумағында жиі кездеседі екен.

«Біз балалармен серуендеп, сол құстарға сүйсініп, олардың сирек кездесетінін талқылап едік. Ал бүгін дәл сол жерде ер адамның өлтірілген құстарды сабырлы түрде ішек-қарнын тазалап жатқаны туралы жазбаны оқыдым», — деп жазды Астана тұрғыны.

Ол өз жазбасында қаладағы қоғамдық тәртіп бұзушылықтардың жазасыз қалып жатқанына ашынған. Тұрғынның пікірінше, аумақты ластаудан бастап, жануарларға қатыгездік көрсетуге дейінгі жайттар ескерусіз қалуда.

«Камералар барлық жерде тұр, бірақ тәртіпті ешкім бақыламаса, олардан не пайда? Тиісті органдардан дереу әрекет етіп, бұл адамды жазалауды сұраймын. Қазақстанды тек ластықтан ғана емес, немқұрайлылықтан да қорғау керек», — деп түйіндеді сөзін Баян Асхатқызы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий