Астанада «Хан Шатыр» маңында қызды күштеп көлікке отырғызбақ болған
Әлеуметтік желілерде Астанадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңында түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Кадрларда бірнеше ер адамның қызды ұстап, қолын байлап, көлікке отырғызуға әрекеттенгені көрінеді, деп хабарлайды Politico.kz.
«NewTimes.kz» мәліметнше, видеоны Instagram желісінде temirstark есімді қолданушы жариялаған. Жазба авторының айтуынша, кейін анықталғандай, қызды ұстап жатқан адамдар оның туыстары болып шыққан. Олар қыздың өздерінің келіні екенін мәлімдеген.
Туыстарының сөзінше, қыздың денсаулығына қатысты мәселелер бар және ол арнайы есепте тұрады. Сондай-ақ олар қызды үш күн бойы іздеп, үйіне қайтаруға тырысқанын айтқан.
Астана қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық адамның жеке басы анықталған.
Полицияның дерегіне сәйкес, туыстарының әрекеті жақын адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Оқиға орнында мәселе реттеліп, ешкім зардап шекпеген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...