Астанада подъездте кіші дәрет сындырған ер адам жазаланды
24 тамызда Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қоғамдық орында тәртіп бұзған азаматқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде ер адамның терезеден сыртқа дәрет сындырған сәті түсірілген видео тараған еді.
Сотта азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Оның кінәсі іс материалдары мен бейнежазба арқылы да дәлелденді.
Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылды.
Аталған бап бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Сот құқық бұзушылықтың сипатын, азаматтың қоғамға деген құрметсіздігін және әрекеттің әлеуметтік желілерде жария болғанын ескеріп, оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...