Астанада психикалық денсаулық орталығында фельдшерге шабуыл жасалды
Астанада қалалық психикалық денсаулық орталығында келуші медицина қызметкеріне күш қолданған оқиға тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 3 сәуір күні қабылдау бөлімінде болған. Медициналық қызметкердің айтуынша, белгісіз ер адам туысымен шұғыл кездесуді талап еткен, алайда өз деректерін ұсынудан бас тартқан. Осыдан кейін ол күштеп ішке кіруге әрекет жасап, алдымен дәрігерге, кейін оны тоқтатпақ болған фельдшерге шабуыл жасаған.
Салдарынан фельдшер бас-ми жарақатын алып, түрлі дене жарақаттарын алған. Зардап шеккен қызметкерге медициналық көмек көрсетілді.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар фельдшер бұған дейін де мекемедегі қауіпсіздік мәселесін көтеріп, дабыл батырмасын орнатуды ұсынғанын айтқан. Алайда оның бұл ұсынысы ескерілмей, керісінше оған сөгіс жарияланып, басқа бөлімге ауыстырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...