Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі желідегі даудан соң сұхбат берді

07.08.2026 09:44 Мөлдір ҚАЙНАР
Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі желідегі даудан соң сұхбат берді
147
Фото: коллаж politico.kz

Астанада қызмет барысында көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел әлеуметтік желідегі шудан кейін алғаш рет жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

"Қаймақкз" арнасында жарияланған сұхбатта марқұмның күйеуі мен анасы пікір білдірген. Ол жаңадан қосылған жарымен сәуір айының соңында араласа бастағанын, алайда оның марқұм әйелімен құрбы болмағанын жеткізді. Оның айтуынша, екеуі тек жедел жәрдемде бірге жұмыс істеп, екі жылда бір рет қана бірге кезекшілікке түскен.

"Осылай күліп жүргенімнің арқасы — Алла, анам және әйелім. Себебі ол менің өмірге деген құштарлығымды қайта оятты. Онымен бірге жаңа белестерді бағындырғым келеді", — деді Әділет Зейнел.

Сондай-ақ ол бірінші жұбайының қайтыс болғанына жыл толмай жатып, қалыңдықтың жүктілігіне байланысты тойды ерте өткізді деген қауесетке де тоқталды. Алайда бұл ақпаратты нақты растамады да, жоққа да шығармады.

"Қазір барлығы оның екі айлық жүктілігі жайлы жарыса жазуда. Бұны бір Аллаға тапсырдым. Алла жазса солай болсын. Сол кезде менен бақытты адам болмас еді", — деп түйіндеді сөзін ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий