Астанада қызға тиіскен ер адам видеоға түсіп қалды
Астанада көшеде қыздың соңынан еріп, оған әдепсіз әрекет жасаған ер адам анықталды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды Politico.kz.
Видеодан қыздың көшеде кетіп бара жатқанын, ал белгісіз ер адамның оның соңынан ергенін көруге болады. Қыз ғимаратқа кірмек болғанда, ер адам оған есікті ашып берген. Сол сәтте қыздың бөксесіне қол тигізіп, кетіп қалған.
Жәбірленушінің айтуынша, ол оқиғадан кейін полицияға арыз жазған. Бірақ полиция қызметкері видеодан ешқандай өрескел әрекет байқамағанын айтқан. Сондай-ақ ер адамның оған қайта зиян келтіруі екіталай екенін жеткізген.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Пікір жазған көптеген әйел осындай жағдайға тап болғанын айтты.
Астана полиция департаменті ер адамның кім екенін анықтағанын хабарлады.
Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Полиция мәліметінше, тексеру нәтижесінде ер адам заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Соңғы жаңалықтар