«Сен жетімсің бе?»: Бүркіт жасырын үйленгенін естіген әкесінің қалай ренжігенін айтты

«Сен жетімсің бе?»: Бүркіт жасырын үйленгенін естіген әкесінің қалай ренжігенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) «Отец» подкастында жұбайы Аишамен қалай отау құрғаны туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі 34 жасында екі жылға жуық кездесіп жүрген Аишамен отбасын құруға бел байлаған. Бірақ ол бұл шешімін ең алдымен ата-анасына ескертпей, достары мен жақындарының қатысуымен жасырын неке қидырып алыпты.

«Ешкімге айтпай, достарымды, әпкем мен інімді ертіп барып, некемізді қидырдық. Содан кейін Таразға, ата-анама барып, үйленетінімді айттым. Сол кезде әкем қатты ашуланып, “Сен жетімсің бе? Неге бізге айтпадың? Неге біз білмей қалдық?” деп ренжіді. Ауылға бара жатқанда да, қайтар жолда да 60 шақырым бойы маған ұрысып барды», — деп еске алды әнші.

Дегенмен, әкесінің ашуын анасы тез басқан. Бұған дейін ұлының таңдаған қыздарын аса жақтыра қоймаған анасы Аишаны бірден қабылдаған екен.

«Анам адамды көзінен-ақ танитын. Бір күні Аишаның бейнебаянын көріп, “Қандай жақсы қыз, көздері мейірімді екен” деген еді. Үйге келген соң сыртқа шығып, жарты сағаттан кейін қайта кірсем, әкем беташардың күнін белгілеп отыр екен. Анам бәрін реттеп қойыпты», — деді өнер иесі.

Бүгінде жұлдызды жұп төрт баланы тәрбиелеп, өнері мен өнегелі отбасын қатар алып келеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий