Астанада шетелдік жанкүйерлер матчқа «Бораттың» купальнигін киіп келген (ВИДЕО)

21.01.2026 11:34 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Астанада шетелдік жанкүйерлер матчқа «Бораттың» купальнигін киіп келген (ВИДЕО)
0
167
Фото: видеодан скрин

Астанада «Қайрат» пен «Брюгге» матчында стадионда шетелдік жанкүйерлер «Бораттың» образында купальник киіп шығып, полиция назарына ілікті , деп хабарлайды Politico.kz.

Ерсі әрекет көрсеткен белгиялық жанкүйерлердің бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды.

Шетелдік қонақтар стадионда мас күйде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған. 

Полиция үш шетелдік азаматты ұстап, уақытша ұстау бөліміне орналастырған.

Қазіргі кезде әкімшілік іс қозғалып, сотқа берілді.

«Қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін аталған азаматтарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында күні кеше «Қайрат» елордада «Брюгге» командасына есе жіберіп, 1:4 есебімен жеңілген болатын.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий