Астанада тұрғын үй ауласында екі әйел әткеншекке таласып төбелесіп қалды
Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің ойын алаңында екі әйел жанжалдасып, төбелесіп қалған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде төбелестің видеосы тарады.
Кадрлардан әйелдердің бірінің екіншісін ұрып жатқаны көрінеді. Кейін соққы алған әйел де қарсы тарапқа жауап беріп, оның баласына қол жұмсаған.
Оқиға барысында ол баланы құлағынан тартып, басынан ұрған. Кейін жерге құлаған баланы шашынан тартып, тепкен.
Аталған жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
«Шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ойын алаңындағы жанжал әткеншектерге байланысты туындаған. Нәтижесінде екі әйел бір-біріне дене жарақатын салған», – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Соңғы жаңалықтар