Астанада вандалдардың суреттері шолу дөңгелегінде көрсетілмек
Астанадағы шолу дөңгелегінде вандалдардың бейнелері пайда болады
Астанадағы ең үлкен шолу дөңгелегінде қала мүлкін бүлдірген азаматтардың бейнелері көрсетілетін болады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биліктің айтуынша, бұл бастама қоғам назарын вандализм мәселесіне аударуға бағытталған. Қала тұрғындары қоғамдық мүлікті бүлдіру әрекеттерін көріп, оның салдары туралы ойлануы тиіс.
Жыл басынан бері вандализм үшін 25 адам жауапқа тартылды. Олардың 11-іне айыппұл салынса, 14-і қамауға алынды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, вандализм – әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет. Мұндай заң бұзушылықтар үшін айыппұл, материалдық шығынды өтеу немесе қамау жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында дәл осы шолу дөңгелегінде коммуналдық қызметкерлердің суреттері көрсетілген болатын.
Қала билігі тұрғындарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және заң бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...