Астанада зениттік зымыран кешені жүріп өтті: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

09.03.2026 13:45 Мөлдір Талғат
Астанада зениттік зымыран кешені жүріп өтті: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
237
Фото: коллаж politico.kz

Әлеуметтік желілерде Астана көшелерінде жүріп бара жатқан зениттік зымыран кешені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz Liter.kz-ке сілтеп.

Әскери техниканың кадрлары желі қолданушылары арасында қызу талқылау туғызды.

Бұл жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, әскери техниканың қозғалысы жоспарлы жауынгерлік дайындық шаралары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің есептоптары оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығулар әскери техниканы басқару, оны жедел орналастыру және жауынгерлік міндеттерді орындау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Ведомство мұндай оқу-жаттығулар Қарулы күштердің бекітілген дайындық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий