Астанадағы мешітте әлі де Нұр-Сұлтан атауы сайрап тұр

11.11.2025 14:34 Арман Ермеков
Астанадағы мешітте әлі де Нұр-Сұлтан атауы сайрап тұр
0
260
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Әлеуметтік желідегі зейінді оқырмандар Астанадағы Орталық мешіттің кіреберісінде тұрған бағыттаушы тақтадан бір қызық қателікті байқаған. Президент Тоқаевтың жарлығымен қалаға Астана атауының қайтарылғанына шамамен үш жыл болса да, мешіттің ақпараттық нұсқаулығында қаланың ескі атауы әлі күнге дейін сол қалпы тұр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Тақтада латын әріптерімен «НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕШІТІ» деп анық жазылған.

Бұл қателіктің неліктен қалғанын түсіну үшін мешіттің ашылу тарихына үңілген жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Республикалық бас мешіттің құрылысы 2019 жылдың наурыз айында басталған. Дәл сол айда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев мешіттің алғашқы кірпішін қалап, көп ұзамай Астана қаласының атауы да Нұр-Сұлтан болып өзгертілген еді. Мешіттің ресми ашылу салтанаты 2022 жылдың тамыз айында өтті. Ол кезде қала әлі «Нұр-Сұлтан» деп аталатын.

Алайда, араға бір ай ғана салып, 2022 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекет басшысының жарлығымен елордаға Астана атауы ресми түрде қайтарылды.

Осыған орай, әлеуметтік желі қолданушылары мұны жай ғана ұмытшақтық немесе жауапты тұлғалардың немқұрайлылығы деп болжады. Шамасы, мешіт салтанатты түрде ашылғаннан кейін қала атауының тез өзгеруіне байланысты, нұсқаулық тақтаны ауыстыруды ешкім ескермеген болуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий