Астанаға Дженнифер Лопес келе жатыр

Премьер-министр Олжас Бектенов Дженнифер Лопестің Астанаға келуін жоғары бағалап, мұндай деңгейдегі іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін айтты, еп хабарлайды POLITICO.KZ.
Біз сізбен бірнеше рет кездесіп («Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасеновке - ред), әлемдік жұлдыздарды тарту жоспарыңызды талқылаған едік. Осы жұмыс қолдарыңыздан келгеніне қуаныштымын. Бұл ұзақ жол болғанын білемін. Өйткені осындай концертті ұйымдастыратындар өте жоғары талаптар қояды. Сол себепті бұл жақсы. Қазақстанды осы тектес концерттер үнемі өтетін орынға айналдыру үшін осы жұмысты жалғастыру қажет. Үкімет тарапынан қажетті қолдауды көрсетеміз, - деп сендірді Бектенов.
Ал «Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетінін айтты.
Хасеновтің сөзінше, Лопестің концерті коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Бұл Астананы А категориясындағы жұлдыздардың гастрольдік картасында ашады.
Біз концертке 15 мыңнан аса турист келеді деп болжап отырмыз. Осылайша экономикалық әсері айтарлықтай болады. HoReCa жүйесіне үлесі 6,5 миллиард теңге, ал салық түсімдері 400 миллион теңгеден асады, – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





