Астаналық инспектор Малахов шоуында ән айтып, желіні жарды

Астаналық инспектор Малахов шоуында ән айтып, желіні жарды
Бейнеден кадр
Тәңірбергенов Малахов шоуында ән шырқады

Малахов шоуында болған астаналық учаскелік инспектор желіні тамсандырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Астаналық учаскелік полиция инспекторы Нұрәлі Тәңірбергенов «Ресей 1» телеарнасындағы Андрей Малаховтың кешкі шоуына қатысып, «Modern Talking» тобының «Cheri cheri lady» хитін орындады.

Оның өнерінің видеосы TikTok-та тез таралып кетті. Залдағы көрермендер оның талантын жоғары бағалады – көрермендер биге басып, олармен бірге Андрей Малахов та биледі.

Ал комментарийлерде көрермендер тамсана жазды: «Келісті жігіт. Біздің қазақтар бәрін жасай алады», «Андрей Малахов жарайсың», «Біздің жастықтың әні! Жарайсың жерлес, осылай жалғастыра бер, саған сәттілік».

 

@isidorov378

Нуралы Танирбергенов(Астана,Казахстан) Cheri,Cheri Lady

♬ оригинальный звук - Иван
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу