«Көңілдес болмаймын»: Дана Нұржігіт өткен өмірін еске алды
Тележүргізуші Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Владимир Рерихпен қалай шаңырақ көтергенін және олардың не себепті ажырасқанын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Тележүргізуші Владимир Рерихтің бір кездері кәсіби ұстазы әрі бағы болғанын жасырмады.
«Хабарда» жұмыс істеп жүргеніме 4 жылдай болды, сол кісі ғой енді. Бір жағынан мен қалай көңіл білдіремін ол кісіге? Ол кісі отбасылы, сонда сөздерінен, маған деген ниетінен ұқтым. Бірақ мен бірден айттым, мен көңілдес болуға жарамаймын. Мен ондай қарым-қатынаста нюанс бар дегенді түсінбеймін. Ол мен үшін не ақ, не қара болу керек деп. Сонда ғана ол кісі басы босады, сосын барып біз қосылдық», – деді Дана Нұржігіт.
Сонымен қатар ол арада ортақ перзенттері Әлім дүниеге келгеннен кейін көзқарастары өзгеріп, некенің бұзылуына не себеп болғанын да бүкпесіз жеткізді.
«Ол балалы келіншекке ондайды айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімге қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер дедім», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар