Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығысты: қаза тапқандар бар

Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығысты: қаза тапқандар бар
Фото: ашық дереккөз

10 тамыз күні Астана–Петропавл автожолының 97-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы – ер адам мен әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктегі тағы алты жолаушы мен ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу