Атасы немересін зорлады ма. Түркістан облысындағы істің мән жайы белгілі болды
Түркістан облысының Отырар ауданында әйел адам туған әкесін ұлына зорлық көрсетті деп айыптап полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Шәмші Қалдаяқов ауылында тіркелген бұл оқиғадан кейін құқық қорғаушылар бірден сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кеткен.
Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше тәртіп сақшылары баланы тексеру кезінде оның денесінен ешқандай жарақат таппаған.
«Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты болуы мүмкін құқыққа қайшы іс-әрекеттер бойынша жазған арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алғашқы тергеу іс-шараларының нәтижелерімен заңсыз әрекеттер анықталмады, дене жарақаттары табылған жоқ», – деп хабарлайды полиция.
Дегенмен оқиғаның толық мән жайын білу үшін полиция қосымша сараптамалар тағайындап, қажетті тексеру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр. Түпкілікті шешім осы сараптамалардың қорытындысы шыққаннан кейін ғана қабылданатыны белгілі болды.
Осы жағдайға байланысты пікір білдірген ведомство өкілдері тұрғындарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөзге сенуге шақырды.
«Тергеу нәтижесімен заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті процестік шешім қабылданатын болады, ал тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады олар.
Соңғы жаңалықтар