Атырау әкімі мен оның орынбасары ұсталған жоқ – адвокат
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен оның орынбасары Мейіржан Мұқасов қылмыстық іс аясында тек сұрақ-жауапқа шақырылған, ал олардың қамауға алынғаны туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді адвокат Нұрлан Жолболов.
Заңгердің айтуынша соңғы күндері БАҚ-та Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қала басшылығын ұстағаны туралы қауесет тараған. Ол құқық қорғау органдарының өндірісіндегі іс бойынша шенеуніктерден тек жауап алынғанын және бұл процесте оларға өздерінің адвокаттық кеңсесі қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді.
«Қала әкімі де, оның орынбасары да қамауға алынған жоқ және қазіргі уақытта олар өз жұмыс орындарында қызметін жалғастырып жатыр», — деді қорғаушы.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақжайық» басылымы ғимарат алдынан қала әкімін арнайы қызмет өкілдері алып кеткені және оның орынбасары ұсталғаны туралы жазған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
22:05
Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған ж...
22.10.2026
18:07
Шымкентте 4,8 миллиард долларлық 22 құжатқа қол...
22.10.2026
17:41
Тоқаев Сәтқалиевпен АЭС құрылысын талқылады
22.10.2026
17:25
TikTok-та «өнер» көрсеткен ер адам 30 тәулікке ...
22.10.2026
17:18
Қазақстанда әскерге шақырудың жаңа үлгісі енгіз...
22.10.2026
16:45
Астанада жерге түскен қамырды жинап алған: комп...