Атырау облысында сенбілік кезінде ер адам көз жұмды
Әлеуметтік желіде Құлсарыда сенбілік кезінде жол апаты салдарынан «ҚазТрансОйл» компаниясының қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оны жүк көлігі қағып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Компания жазатайым оқиға болғанын растады, алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайын жария етуден бас тартты.
«Аталған оқиғаның болғанын растаймыз. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін бұл жазатайым оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбайды», – делінген компания жауабында.
Сондай-ақ компания өкілдері қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті барлық көмек көрсетіліп жатқанын атап өткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
22:39
Абай облысындағы арнаулы орталықта ерекше балал...
19.10.2026
21:50
Қазақстан Pinduoduo мен Claude әзірлеушісінен 8...
19.10.2026
20:02
Оңтүстік Кореяда көлікке зақым келтіріп, жүргіз...
19.10.2026
17:42
Тоқаев Қорғаныс министрлігінің шығыны мен әскер...
19.10.2026
17:23
Ерекше балаларды қорлап, зорлық көрсеткен: Абай...
19.10.2026
17:11
«Бала үшін отбасын сақтау – қиял»: Дана Нұржігі...