Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында бірнеше адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол апаты 29 мамыр күні таңғы сағат 06:30-да Индер ауданы Индер-Қарабау тас жолының 15-шақырымында болған.

Атырау облысының полиция депаратментінің мәліметінше, жүргізуші рульге ие бола алмай, аударылып кеткен.

«Hyundai Sonata маркалы көлік мінген жүргізушісі рульді игере алмай, аударылып кетті. Жол апаты салдарынан 42 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға түсті», - деп хабарлайды Атырау облысының полициясы.

Қазір жол апатына қатысты тергеу басталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу