Атырауда оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты
Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 12 наурыз күні оқу-жаттығу барысында сарбаз оқ жарақатын алған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Алдын ала деректер бойынша, қайғылы оқиға қарумен абайсыз әрекет ету салдарынан болуы мүмкін.Аталған факті бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар Қр Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді.
Тергеу барысы Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының бақылауына алынған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...