Атырауда тікелей эфир кезінде қызды ұрып, пышақтаған күдікті ұсталды

11.03.2026 17:22 Мөлдір Талғат
Атырауда тікелей эфир кезінде қызды ұрып, пышақтаған күдікті ұсталды
76
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде жас қызға күш көрсетіп, пышақпен жарақаттаған 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы («Қинау») және 147-бабы («Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу») бойынша іс қозғалған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат өз әрекетін жақын досының өз-өзіне қол жұмсауынан кейін қатты күйзеліске түскенімен түсіндірген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Зардап шеккен 19 жастағы бойжеткен ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатқанын айтты.

Куәгерлердің сөзінше, күдікті бірнеше сағат бойы қызға физикалық күш қолданып, пышақпен жарақаттаған. Бұл әрекеттердің барлығы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілген.

Бұған дейін интернетте жантүршігерлік бейнежазба тараған еді. Видеода жас жігіттің қолында пышақ ұстап, көрермендермен қоштасып тұрғаны байқалады. Ал оның жанында үсті-басы қан болған, қатты қорыққан бойжеткен отырған. Кадрларда жігіттің қызды камера алдында мәлімдеме жасауға мәжбүрлегені де көрінеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий