Атырауда үш жасар қыздың үстінен полицияға арыз жазылды
Атыраудағы дәмханалардың бірінде болған балалардың ойыншыққа таласы үш жасар қыздың үстінен полицияға арыз жазумен аяқталды. Бұл туралы іс фигуранты атанған қыздың анасы Threads әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Анасының айтуынша, оқиға дәмханада болған. Оның үш жасар қызы ойыншық шаңсорғышты алған кезде, одан сәл ересек қыз оны тартып алмақ болған. Осы кезде ересек қыздың анасы келіп, «Қызыңызға әдептілікті үйретіңіз!» деп айқайлаған.
Бір қызығы, 10 минуттан кейін балалар ештеңе болмағандай, бірге ойнап кеткен. Алайда, екінші қыздың анасы бұған қарамастан, полицияға барып, үш жасар баланың үстінен арыз жазған.
Сонымен қатар, арыз жазған әйел үш жасар сәбиден өзінің бес жасар қызының алдында көпшілік алдында кешірім сұрауын талап еткен.
«Абсурд! Бұл біздің әйелдердің қаншалықты бақытсыз өмір сүретінінің дәлелі. Олар қашан бақытты болады?!» – деп жазды үш жасар қыздың анасы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...