Атырауда жедел жәрдем фельдшерінің өлімі: 19 адам айыпталып отыр

20.03.2026 09:16 Мөлдір Талғат
Атырауда жедел жәрдем фельдшерінің өлімі: 19 адам айыпталып отыр
197
pixabay.com

Жас фельдшердің өліміне қатысты резонансты іс соттың соңғы кезеңіне жетті. Айыпталушылар орнында бірден 19 адам отыр,деп хабарлайды Politico.kz.

Ақжайық басылымының мәліметінше, олардың басым бөлігі — 20-25 жастағы жігіттер. Алғаш қарағанда қарапайым қала тұрғындары: жұмыссыздар, зауыт жұмысшылары, жеке компания қызметкерлері, тіпті араларында заңгер де бар. Бұған дейін ешқайсысы заңмен қиындыққа тап болмаған.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 16 тамызы күні кешке басталған. Привокзальныйдағы «Ляпиза» мейрамханасында той өтіп жатқан. Қонақтар демалып жатқан сәтте екі жігіттің арасында жанжал туындайды. Сөзден сөз шығып, ол төбелеске ұласады.

Екеуін сыртқа шығарғанымен, жағдай одан әрі ушығып, екі жақтан да жігіттер қосыла бастайды. Қарапайым жанжал бір сәтте топтық төбелеске айналған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Жұмыскер жақтың жігіттері «беделімізге нұқсан келді» деп, жағдайды ушықтыруға бел буған. Олар бейресми лидер саналған Д.А.-ға хабарласып, жағдайды толыққанды «разборкаға» айналдырған.

Кейін тараптар қайта байланысып, кездесу туралы келісіп, адамдарды жинай бастаған. Тергеу мәліметінше, сол кезде-ақ кейбірінің ойында мәселені күшпен шешу ниеті болған.

Түнге қарай жағдай одан әрі күрделене түсті. Жұмыскер жақ шамамен 16 адам жинап, көліктермен шыққан. Олар өздерімен бірге тек таяқ не пышақ емес, атыс қаруларын — аңшылық мылтықтар, кесілген қару, қайта жасалған тапаншалар алып шыққан. Барлығы заңсыз сақталған.

Түн ортасында екі топ Химпоселок маңындағы бос жерде, Менделеев көшесі жанында кездескен. Көп ұзамай атыс басталып, тыныштықты бұзып, тұрғындар арасында үрей туғызған.

Алғаш болып қарсы тарап оқ атқан. Оған жауап ретінде Д.А. оқ жаудырып, өзгелерге де атуды бұйырған. Осыдан кейін екі жақ арасында атыс басталған.

Оқтардың бірі 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Азамат Асылбековке тиген. Оқ кеуде тұсынан өтіп, өмірлік маңызды ағзаларды зақымдаған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Жігіттің қаза тапқанын көрген соң, қатысушылар оқиға орнынан жедел түрде кетіп қалған. Қару-жарақтың бір бөлігін жасырған, кейбірін көміп тастаған. Кейін олар қайта жиналып, енді төбелесу емес, ізді жасыру мәселесін талқылаған.

Іс материалдарында қаруды жасыруға көмектескен тағы бір адам бар, ол қылмысты жасыру бабы бойынша айыпталуда.

Айыпталушыларға түрлі баптар тағылған:

— біріне — топпен кісі өлтіру,

— біріне — бұзақылық,

— біріне — қаруды заңсыз сақтау.

Арасында ұйымдастырушылар да, орындаушылар да, тек «қолдағандар» да бар.

Қазіргі таңда күдіктілердің бір бөлігі қамауда, ал бір бөлігі үйқамақта отыр. Іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа жолданған.

Айта кетейік, бұл тек айыпталушыларға қатысты іс. Сонымен қатар қаза тапқан фельдшердің достарына қатысты да сот процесі жүріп жатыр. Тергеу мәліметінше, олар да қару қолданған.

Сот процесі соңғы кезеңіне жақындады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий