Атырауда жиенін қорлағаны үшін 20 жылға сотталған еркек ақталып шыққысы келеді

07.07.2026 16:23 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Атырауда жиенін қорлағаны үшін 20 жылға сотталған еркек ақталып шыққысы келеді
237
Фото: depositphotos.com

Атырауда 5 жасар жиеніне зорлық көрсеткені үшін 20 жылға түрмеге жабылған ер адам Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіріп, өзін толық ақтауды талап етті. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 2021 жылы Атырау қаласында болған. "Көке маған ауыртты" деп шағымданған сол кезде 5 жасар бала. Басында бұған мән бермеген анасы кейін ұлының денсаулығы күрт нашарлап, тұрақты түрде зорлық көргенін айғақтайтын ауыр жарақаттар мен қан кетулер пайда болған соң дабыл қағады.

Анасы күдіктіні жазалау үшін 4 жыл бойы күрескен. Осы уақыт аралығында қылмыстық іс 6 рет тоқтатылып, қайта қозғалды. Көптеген дәлелдерге қарамастан тергеу ұзаққа созылып, тек 2025 жылы сот 33 жастағы (сол оқиға кезінде) ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (бірнеше рет жасалған, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп таныды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды, ал апелляциялық алқа бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Енді сотталған азамат Жоғарғы соттан істі қайта қарауды сұрап отыр. Кассациялық шағымда ол өз кінәсін мойындамайтынын, сот шешімінің негізсіз екенін және тергеу барысында заңбұзушылықтар орын алғанын мәлімдеген. Сондай-ақ сотталушы бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық қудалауды толығымен тоқтатуды талап етуде.

Жоғарғы сот бұл шағымды қарауға қабылдай ма, жоқ па, ол істі алдын ала зерделеу жұмыстарынан кейін ғана белгілі болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий