Атыраудағы «ҚазАвтоЖолдың» шұрық-тесік жолдары халықты шаршатты
Атырау облысында ауданаралық және республикалық маңызы бар жолдардың тым нашарлап кеткеніне байланысты тұрғындар тарапынан шағымдар күрт жиіледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға қарағанда, аймақтағы жолдардың ойылып, тесілуі көлік қозғалысына ғана емес, жол қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіріп тұр. Жүргізушілердің айтуынша, өңірде ауыр техникалардың көбеюі инфрақұрылымның тозуын жылдамдатып, соның салдарынан жеңіл көліктер жиі бұзылып, тұрғындар үлкен шығынға батуда. Осыған байланысты азаматтар республикалық жолдарға тікелей жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен мердігер ұйымдардың жұмысын қатаң сынап, мәселені тез арада шешуді және жауапсыз кәсіпорындардың қызметін заң аясында тексеруді талап етіп отыр.
Қазіргі уақытта туындаған күрделі мәселеге қатысты ресми органдар мен жауапты мекемелердің түсініктемесі күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...