Атыраудағы жұмбақ өлім: Күдікті күйеу бала Индонезияда қалай қолға түсті? (ВИДЕО)

27.02.2026 13:44 Әсел Мұрат
Атыраудағы жұмбақ өлім: Күдікті күйеу бала Индонезияда қалай қолға түсті? (ВИДЕО)
3549
Фото: видеодан скрин

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті сол отбасының күйеу баласының ұсталған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Видеоны еліміздің ішкі істер министрлігі таратты.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын. Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.


Келіншек бұған дейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарында болған еді. Кейіннен ол да күдікті ретінде танылды.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий