«Атыраудың хакері» Түркияда ұсталды: 13,7 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдік бар

15.03.2026 09:48 Қарақат АСЫЛОВА
«Атыраудың хакері» Түркияда ұсталды: 13,7 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдік бар
366
Әлеуметтік желіден
Атырауда жоғалған отбасы ісін «тергеген» блогер Түркияда ұсталды

Әлеуметтік желілерде «Атыраудың хакері» ретінде танылған Атырау облысының тұрғыны Түркия аумағында ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, ол бірнеше алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінген. Күдікті Құрманғазы ауданының тұрғындарын алдап, 13,7 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген деген болжам бар.

Ведомствоның хабарлауынша, қаңтар айында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты оған сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Кейін күдікті халықаралық іздеуге жарияланып, ақпан айында Түркияда ұсталған. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті азаматтарға түрлі қызмет ұсынып, сеніміне кірген. Ол инвестиция арқылы табыс табуға көмектесетінін айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашу, қаржыны шығарып беру және техника сату сияқты қызметтерді ұсынған. Осы тәсілдер арқылы ол бірнеше эпизод бойынша азаматтарға ірі көлемде шығын келтіргені анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін аталған азамат әлеуметтік желілерде Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы ісін «өзім тергеп жатырмын» деп түрлі бейнелер жариялап, танымал болған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий