“Ауылдансыңдар, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызының сөздері дауға айналды
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айару әлеуметтік желідегі тікелей эфирден кейін көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Ult.kz-ке сілтемемен.
Эфир барысында Айару өзін сынайтын желі қолданушыларына жауап беріп, хейтерлерінің басым бөлігін «ауылдан» деп сипаттап, олардың өмірде ештеңеге қол жеткізбегенін айтты. Сондай-ақ өзі 14 жасында би билеп, коньки теуіп, футбол ойнай алатынын айтып, өзін өзгелермен салыстырды. Оның сөзінде «колхоз» деген тіркес те қолданылды.
Бұл пікір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі реакцияға себеп болды. Бірқатар қолданушы Айарудың ауыл тұрғындарын кемсіткендей әсер қалдырғанын айтып, оның сөзін орынсыз деп бағалады. Олар көпшілік алдында мұндай пікір айтудың дұрыс еместігін жеткізді.
Ал енді бір топ желі қолданушысы Айарудың әлі жас екенін еске салып, оның эмоцияға беріліп сөйлеген болуы мүмкін екенін айтып, қатты сынамауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...