Аягөзде трансформатор өртеніп, қала электрсіз қалды

Аягөзде трансформатор өртеніп, қала электрсіз қалды
Бейнеден кадр
Жарық пен жылусыз қалған Аягөз тұрғындарының жағдайы

Абай облысының Аягөз қаласында осы түнде трансформатор станциясы өртеніп, салдарынан тұрғындар электр қуаты мен жылудан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды жарты сағатта ауыздықтағанымен, электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта қалада 6 жылу қазандығының 5-і іске қосылды. Дегенмен, Аягөз қаласының бір бөлігі мен көршілес Мамырсу ауылдық округі жарықсыз қалуда.

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу