Әйел балаларын өртеніп жатқан үйде тастап, жігітімен кетіп қалған

Әйел балаларын өртеніп жатқан үйде тастап, жігітімен кетіп қалған
18.09.2025 13:03
0
471
ашық дереккөз

Австралияның Мельбурн қаласында 26 жастағы әйел өз балаларын үйде қалдырып, жігітімен бірге көлікке қосалқы бөлшектер алуға кеткен. Осы уақытта үй өртеніп, екі қыз бала (5 жас және 1 жас) көз жұмды. Бұл туралы The Sydney Morning Herald басылымы жазды.

Полиция дерегінше, Шания Ли үйінен бір сағаттан астам уақытқа кеткен. Телефон арқылы үйдегі бейнебақылау камерасынан балалардың жан айқайын естігеніне қарамастан, ол жедел жәрдем қызметіне хабарласпаған және үйге қайтып келмеген.

Өрт кезінде отбасындағы үш жасар қызы ғана аман қалып, көршілердің көмегімен құтқарылған. Өртті де дәл сол көршілер хабарлаған.

Белгілі болғандай, отбасы бұл үйге бір апта бұрын ғана қоныстанған. Өрт үйдің жатын бөлмесінде шыққан. Қасақана өрт қою нұсқасы әзірге қарастырылмай отыр.

Қазіргі уақытта әйел кепілмен босатылған, сот отырысы қаңтар айында өтеді. Алайда полиция оны қамаудан босатуға қарсы болған. Себебі Лимен байланысты балаларға қатысты тағы тоғыз құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Бұрын да ол балаларын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий