"Әйел киімін киген": Петропавлда отбасын азаптаған ер адам ұсталды

16.11.2025 10:15 Берік Арманов
0
584
Фото: видеодан скрин

Петропавлда әйелін ұзақ жылдар бойы қорлап, әлеуметтік желілерге әйелдердің ішкі киімінде түсірілген видеолар жариялаған ер адамға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін «НеМолчи.kz» қоры көпбалалы ананың күйеуі тарапынан ұзақ уақыт зорлық-зомбылық көргенін, соның салдарынан оның мүгедек болып қалғанын хабарлаған еді. Қор мамандары ер адамның әйелдердің іш киімінде түсірген видеоларының скриндерін де жариялаған.

Жәбірленуші анасынына қашып барғаннан кейін, оның бес баласы әкелерінің қолында қалған. Бұл жағдайға полиция мен қорғаншылық органдары араласып, әйелдің арызы негізінде әкімшілік іс қозғалды.

Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот сондай-ақ оның мінез-құлқына 12 айға арнайы талаптар енгізді. Енді ол жәбірленушінің келісімінсіз әйеліне және балаларына жақындауға, оларды іздеуге, телефонмен сөйлесуге немесе қандай да бір байланыс орнатуға тыйым салынды. Сонымен бірге оған психологиялық көмек алу міндеттелген.

Сот шешімі жарияланған сәттен бастап күшіне енді.

СҚО полиция департаменті осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын да мәлімдеді.

«38 жастағы әйелдің дене жарақаты туралы арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберілді», — деді СҚО ПД басшысының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев.

Оның айтуынша, балалар қазір аналары және әжелерімен бірге, олардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген.

Полиция бұған дейін жәбірленушіден ешқандай шағым түспегенін, зорлық-зомбылық жағдайларында бірден 102 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды. Сондай-ақ 111 — әйелдер мен балаларға қатысты зорлық фактілері бойынша республикалық сенім телефоны жұмыс істейді.Айта кетейік, ҚР ҚК 109-1-бабына («Побои») сәйкес, кінәлі адамға ірі айыппұлдан бастап 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий