«Әйелді аяусыз сабап, видеоға түсірген»: желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты

04.02.2026 12:08 Мөлдір Талғат
«Әйелді аяусыз сабап, видеоға түсірген»: желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты
122
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында әлеуметтік желіде тараған қатыгез видеоға байланысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция бейнежазбада көрінген барлық тұлғалардың жеке басын анықтап, оларды бөлімшеге жеткізген. Кадрларда бойжеткеннің соққыға жығылып, жылап тұрып кешірім сұрағаны, ал сырттағы дауыс оны біреулерді алдады деп айыптағаны байқалады.

Алдын ала тергеу мәліметінше, бұл оқиға сахналанған көрініс болуы мүмкін. Видеоны бойжеткеннің өзі таныстарымен алдын ала келісіп түсірген деген болжам бар. Соған қарамастан, полиция қойылым кезінде заңға қайшы әрекеттер орын алғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта екі ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ видеодағы бойжеткеннің бұған дейін алаяқтық дерегі бойынша сотталғаны анықталды.

Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысқандар мен бейнежазбаны таратқандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий