"Әйелім емес, тоқалым": Актер Қажет Смағұл жас әйелі туралы бар шындықты айтты
Танымал актер Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші арумен бірге екенін растады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің сынына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Актердің айтуынша, әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан кейін жұртшылық екіге бөлінген. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі түрлі жағымсыз пікірлер жазған.
«Негізі бұл менің әйелім емес. Әйелім емес, тоқалым. Өзімнен 25 жас кіші екенін жазған едім. Содан кейін бүкіл Қазақстан екіге бөлініп, жерден алып, жерге салып жатқандар да болды.
“Молодец, қолыңнан келсе алып көр” деп құттықтағандар да бар. Ал кейбірі “италиялық байларға ғана тән жағдай ғой” деген сарында пікір жазып жатыр. Негізі әйелімнің суретін жариялайын ба деп ойлағанмын. Бірақ осындай жағымсыз пікірлерді көрген соң, көңілі түсіп кете ме деп алаңдадым», – деді актер.
Бұған дейін Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші арумен көңіл жарастырғанын айтып, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.
Соңғы жаңалықтар