Айгүл Иманбаева әкесімен қырық жыл араласпағанын айтты

04.02.2026 11:02 Мөлдір Талғат
Айгүл Иманбаева әкесімен қырық жыл араласпағанын айтты
164
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әкесімен арадағы күрделі қарым-қатынасы туралы ашық сыр шертті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұрынғы сұхбаттарының бірінде ата-анасы ажырасқаннан кейін әкесімен 40 жыл бойы араласпағанын және ұзақ уақыт бойы жүрегінде реніш сақтағанын жасырмады.

«Әке-шешем ажырасқаннан кейін әкеммен 40 жыл араласпадым. Өкпем қара қазандай болды. Неге, кімге ренжігенімді өзім де нақты білмеймін. Тек 40 жылдан кейін өзіммен тынымсыз жұмыс істеп, ішкі дүниемді түсінген соң әкеммен табыстым», – деді ол.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, әкесімен қайта қауышу – өміріндегі ең әсерлі сәттердің бірі болған.

«Лондонға кетер алдында концерт бергенімде әкем төрде отырды. Концерттен кейін: “Айгүл, қызымды өз үйіріме қостым. Сенімен табыстым. Енді өлсем де арманым жоқ” деді», – деп еске алды әнші.

Алайда бұл қуанышты сәттен кейін көп ұзамай әкесі өмірден өткен.

«Мен оқуға кеткеннен кейін әкем қайтыс болды. Сол кезде “бар арманым орындалды” деген сөзді айтуға болмайтынын ұқтым», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий