Айнұр Тұрсынбаева 35-ші көлігін көрсетіп, мақтанды

Айнұр Тұрсынбаева 35-ші көлігін көрсетіп, мақтанды
02.05.2025 17:49
0
206
Фото: әлеуметтік желі

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева су жаңа көлікті тізгіндеп, оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл — ақынның алған 35-ші көлігі, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

«Мынау менің тегін, былайша айтқанда сыйлыққа алып тұрған, айтыстан 33 көлігім бар, 35-ші көлігім екен. Осы 35-ші көлігімді өзімнің туған сіңілім Арайлымға сыйлаймын», — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Белгілі болғандай, бұл жолғы көлікті оған туған күнінде туған-туыстары сыйға тартқан. Ақын туған күнімен құттықтап, ерекше сыйлық жасаған жақындарына және қолдау білдіріп жүрген жұртшылыққа алғыс айтты.

«Барлық көрген жақсылығыма шүкір еттім. Осындай көлікті 500 адамға мінгіземіз, ин ша Алла! @saad_company_kz арқылы қазақ халқына адал қызмет етуді нәсіп етсін Аллам. 50 мың адамға жұмыс беріп, 5000 қазақты миллионер қылғанша жүгіремін енді…», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева өзіне өмір бойы қолдау көрсетіп келе жатқан ата-анасына, бауырларына, жолдасына, балаларына, оқырмандарына және барша еліне ризашылығын жеткізді.

«Мен үшін ең үлкен сыйлық – ДҰҒА!», — деді ақын.

Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, жылы лебіздер мен құттықтауларға толы пікірлерге себеп болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий