"Кез келген өзгеріске дайынмын": Дариға Бадықова өзінің неліктен өзгергенін түсіндірді
"Таптым-ау сені" және "Бизнес по-казахски" фильмдерінің жұлдызы, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мінезі мен өмірге көзқарасының түбегейлі өзгеру себебін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында суреттерін жариялап, жан сырын бөлісті. Түсірілім кезіндегі кадрлардан оның жұбайы, актер Олжас Абайды да көруге болады.
«Дариға неге өзгерді? Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Ол көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдап, бәріне түсінікті болуға тырысатын. Қазір кез келген өзгеріске дайынмын. Уақыт – ең үлкен данышпан», – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың жарасымдылығын тілге тиек етіп, олардың өмірлік таңдауына жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, қазан айының ортасында Дариға Бадықова мен Олжас Абай дүркіретіп той жасаған болатын. Кейін өнер иелері Қатар еліне бал айына аттанып, сапардан түскен естеліктерін көпшілікке ұсынған еді.
Соңғы жаңалықтар