Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығын бөлісті

Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығын бөлісті
06.07.2025 18:36
0
118
Фото: instagram.com/aikyn

Танымал әнші Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі жақында бесінші рет әке атанбақ. 

"Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді.
Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз.
Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын.

Айтпақшы, көп балалы әкеге қандай жеңілдіктер бар мемлекетімізден? Бесплатный проезд, ақшалай пособие дегендей", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының біразы Айқынды сынаса, енді біразы екі жұптың жаңалығына қуанды. 

"Жұлдызға 5ші деп қыстырып жіберген қалай кетті? Ол екі баланың анасы бар емеспе. Әр жерде ұрпақ шашып жүргендерге жеңілдік жоқ", "Аман есен бауырларыңызға басыңыздар", "Дені сау болсын.Қуаныштымын сіздер үшін.Сәби деген керемет қой", "Оо құтты болсын, бүгін көрген ең күшті жаңалық", - деп жазды оқырмандары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий